28
ноябрь
2025
Гуманитарлық пәндер он күндігінің жабылуы
«Гуманитарлық білім – рухани жаңғырудың негізі» атты гуманитарлық пәндер он күндігі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жоспарланған барлық іс-шаралар мазмұнды әрі тәрбиелік мәнімен ерекшеленді. Апталық барысында оқушылардың тілдік құзыреті, тарихи танымы, шығармашылық ойлау қабілеті және ұлттық рухани құндылықтарға қызығушылығы артты.
Әр сыныпта ашық сабақтар өткізіліп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері шыңдалды. Сабақтарда тіл, әдебиет және тарих пәндерінің түрлі тақырыптары терең әрі жан-жақты меңгеріліп, оқушылар өз ойларын еркін әрі шынайы жеткізе алды. Мұғалімдер интерактивті, көрнекі әдістерді қолданып, білімге деген ынтасын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытты.
Апталық аясындағы сыныптан тыс іс-шаралардың ішінде «Тіл – рух пен мәдениет тірегі» атты танымдық шоу бағдарламасы ерекше орын алды. Кеш шынайы ықыласпен ашылып, көрермендерді өнер мен білім тоғысқан әсерлі шараға шақырды. Бағдарлама бірнеше бағыттағы өнер және танымдық нөмірлерден тұрып, әр бөлім көрерменге ерекше әсер қалдырды, оқушыларға рухани байлық сыйлады.